Русский Сайттың толық нұсқасы

Бауыржан Байбек бүгін Франциядағы "Халық қозғалысының одағы үшін" партиясының вице президенті Тьерри Марианимен кездесті

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2014
  • 1056

Қазақстан және Франция партияаралық байланысты нығайтуға мүдделі. "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бүгін Франциядағы "Халық қозғалысының одағы үшін" партиясының вице президенті Тьерри Марианимен кездесті. Онда қос партияға ортақ идеология мен дәстүрлі құндылықтар атап өтілді. "Нұр Отанның" саяси доктринасы мен Еуропа халықтық партия тұғырнамасында негізгі құндылықтар жазылған.

Айта өтейік, «Нұр Отан» мен «Халық қозғалысының одағы үшін» партиялары 2009 жылы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойған. Сол кезден бері қарым-қатынас дамып келеді. Енді "Нұр Отан" өкілдері 6 наурызда Дублинде өтетін Еуропа халықтық партияларының 22 Конгресіне қатыспақ ниетте.


Бауыржан Байбек, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары:


Өткен съезімізде "Нұр Отан" жаңа саяси доктринасын қабылдады. Сол кезде біз "Нұр Отанның" саяси платформасын центризм деп атадық. Соның арқасында біздің екі партия арасындағы қарым- қатынас әрі қарай да дами беретін болады деп ойлаймын.


Базаргүл ОТЫНШИЕВА