Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ онкологиясының негізін қалаушы академик Сайым Балмұханов өмірден озды

  • AstanaTV
  • 21 ақпан 2014
  • 1861

Бүгін Алматыда Қазақстан ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстандағы рентген-радиология және радио биология ғылымдарының негізін салушы, қоғам қайраткері Сайым Балмұхановты ақтық сапарға шығарып салу өтеді. Академик кеше 92 жасына қараған шағында қайтыс болды.

Сайым Балмұханов Қазақстандағы онкологиялық қызметтің қалыптасып, дамуына үлес қосқан білікті дәрігер. Оның басшылығымен Қазақстандағы алғашқы онкологиялық ауруларды сәулемен емдейтін клиникалық база ашылған. Ол өзін саяси-қоғамдық салада да көрсете білді.

Сайым Балмұханов - «Невада-Семей» халықаралық қозғалысының президиум мүшесі болды. Ол Семей полигонында ядролық қаруларды сынаудың тұрғындарға тигізген әсерін зерттегені үшін Такаши Нагайя атындағы Халықаралық бейбітшілік сыйлығын иеленген.

Досжан ҚАЛИЕВ