АҚШ Украина оппозициясын емес, президент Виктор Януковичті қолдайды.
Вашингтонның көздегені, қазіргі президентті тақтан тайдыру емес, тек «жұмысқа қабілетсіз» Үкімет пен
Конституцияны ауыстыру. Бұл мәлімдемені Украинадағы Америка Құрама Штаттарының
елшісі Джеффри Пайетт CNN телеарнасына берген сұхбатында айтты. Ал дәл осы уақытта
Чикаго қаласының тұрғындары тарихи алаңға жиылды. Бес жүзге жуық адам Киевтегі
қан майданда қаза болғандарды еске алуда.
От жағылған шырақтарын қолына алған
америкалықтар бірнеше квартал жаяу жүріп, Украинаның Бас консулдығына барды. Олардың басым бөлігі - америкалықтар. Ал осы қалада тұратын
украиндықтар болса, жексенбі күні дәл осындай жиын өткізбек.
Еске салайық, 19-шы ақпанда диаспора
АҚШ-тың Федералды резерв банкі мен Чикагодағы Украина елшілігі алдында
наразылық танытты. Ал 18-ші ақпан күні Майданға шабуыл жасалғаннан кейін,
украиналықтар Нью-Йорк қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтері мен
Украина елшілігін басып алды.
Сымбат МОЛДАТАЙ