Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлыбритания мен Иран: Екі ел арасында дипломатиялық қатынастар қайта орнатылды

  • AstanaTV
  • 21 ақпан 2014
  • 1504

Лондондағы Ислам Республикасының елшілігі мемлекеттік туын қайта көтерді. Екі жақ дипломатиялық қарым-қатынастарын жандандырып отыр. Біріккен корольдік бұл қадамға МАГАТЭ мәлімдемесінен кейін барды.

Айта кетейік, Иран жағы уранды байыту жұмыстарын 20%-ға қысқартамыз деп уәде еткен. Әзірге бұл тарап ядролық бағдарламасы бойынша алтылықпен уағдаласқан келісімді мүлтіксіз орындап келеді.

Еске салсақ, 2011 жылы Ұлыбритания Тегеранның елшілігін жауып тастаған болатын. Ізінше, Лондон да Иран елшілігіне дәл осындай қатаң шара қолданды. Дипломатиялық қатынас ядролық бағдарлама үшін үзілген. Вашингтон мен Еуроодақ Тегеранды ядролық нысандарға МАГАТЭ сарапшыларын кіргізіп, 20%-дық ураннан бас тартуды талап етті. Сәйкесінше, елге экономикалық санкцияны біршама жеңілдетеміз деп жеткізген болатын.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА