Русский Сайттың толық нұсқасы

Шағын орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 50 пайызды құрауы тиіс

  • AstanaTV
  • 21 ақпан 2014
  • 998

Шағын орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 50 пайызды құрауы тиіс. Оның мөлшері қазір 20 пайыз төңірегінде. Бұл- өте аз. "Нұр Отан" партиясы сайлау алды платформасының бағыттары бойынша өткен жұмыс тобының отырысында бұл мәселе жан жақты сөз болды. Жиында әсіресе шағын орта кәсіпкерлік нысандарда "жасыл жобаларды" жүзеге асыру жайына баса назар аударылды.

Екі бірдей ауқымды кәсіпкерлік ұйым мен "G-GLOBAL" жүйесі- жасыл экономиканы дамыту коалициясы арасында меморандумға қол қойылды.Осы құжат арқылы тараптар ауыл шаруашылығы саласында иннновациялық жобаларды дамытуға мүдделі. Технологиялық даму үдерісіндегі жаңашылдықтар да назардан тыс қалмайды. Жиын барысында болашағы зор "жасыл" жобалардың тұсауы кесілді.


Айгүл Соловьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:


Біз ауылды жерде бизнесті өркендетудің маңызы жайлы көп айтамыз. Ал жасыл жобалар осы мақсат жолында таптырмас құрал. Фермерлік қожалық иесі, немесе жылыжай өндірісімен айналысатын азамат болсын,біз оларға даму кілтін ұсынамыз.Табысты болашаққа бастайтын жолды көрсетеміз.


Базаргүл ОТЫНШИЕВА