Өскеменде лифтте қамалып қалған
жігітті төтенше жағдай қызметкерлері құтқаруға тура келді.
Бір мен екінші қабаттың арасында
қалған лифтіде ол бір сағаттай отырған. Жабық лифт ішінде ауа жетіспей жас
жігіт тіпті тұншыға бастағанын айтады. Абырой болғанда, құтқарушылар дер
кезінде жетті. Тар қамаудан босаған бозбала
өзін жақсы сезінетіндігін айтып медициналық көмекке жүгінуден бас тартты.
Айта кетейік, әбден тозығы жеткен
лифттердің істен шығуы Өскеменде үйреншікті құбылысқа айналған. Төтенше жағдай қызметкерлері болса, жыл сайын лифтіден он
бестен астам тұрғынды құтқаратындықтарын айтуда.
Константин Прокопьев, ШҚО ТЖД жедел құтқару
бөлімінің маманы:
Бізге қоңырау
келіп түсті. Оқиға орнына жедел жетіп, жігітті құтқардық. Ол бір мен екінші
қабаттың ортасында тұрып қалған. Лифттің тозығы жеткендіктен істен шыққан.
Қанат ОРАЛБЕК