Русский Сайттың толық нұсқасы

«Протон-М» апаттары адам факторына байланысты орын алды

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2014
  • 980

«Протон-М» зымыран тасығышының құлауына адами фактор себепкер. «Байқоңыр» ғарыш айлағында болған апаттың мұндай жаңа себебін Хруничев атындағы орталықтың бас директорының орынбасары Владимир Нестеров мәлімдеді.

Ол әскерилердің жұмысы сапаға маңызды әсер ететінін айтқан. Дегенмен, соңғы кезде орталыққа жаңа мамандар көп келген. Яғни, жас офицерлер тиісті дәрежеде тәжірибе жинақтағанша, ақаулар болуы мүмкін дейді.

Еске салайық, 2013-ші жылдың 2 шілдесінде «Байқоңыр» ғарыш айлағында апат болды. «Глонасс М» үш байланыс серігі бар «Протон-М» зымыран тасығышы құлап, улы гептил жерге төгілді. Экологиялық апат үшін Қазақстан Ресейге 90 миллион доллар төлеуді міндеттеді.

Дегенмен, Ресей тарапы бұл сауалды жауапсыз қалдырып отыр. Осыған байланысты премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев үнсіздікке байланысты наразылығын білдірді.

Сымбат МОЛДАТАЙ