Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпкердің өліміне қатысты тың деректер

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2014
  • 1038

Батыс қазақстандық кәсіпкер Виталий Каркуланы өлтірген күдіктілердің бірі банкке ірі көлемде берешек болған. Оны қылмысқа баруға осы жайт итермелеген болуы ықтимал. Ішкі істер департаменті осындай ақпар таратты.

Кәсіпкердің өліміне қатысы бар деп ұсталған күдіктілердің үстінен төрт қылмыстық іс қозғалды. Олардың барлығы қамауда. Тергеу барысы анықтағандай, қылмысты ұйымдастырушы азамат банк алдындағы қарызынан оңай жолмен құтылмақ болады. Қылмыс жасауға өзге сыбайластарын да көндіреді. Кейін олжалаған алтын бұйымдарын ақшаға айналдырып, айғақ болар қару-жарақты суға тастапты. Қазір қолды болған әшекей бұйымдарды полиция іздестіріп жатыр. Ал, ақпар берген адамдарға уәде етілген қомақты сыйақының кімге бұйыратыны белгісіз. Өйткені, бұл істі тұрғындардың көмегімен, полицияның жедел іздестіру тобы ашты.

Мағауия Құрмашев, Батыс Қазақстан облысы ІІД басқарма басшысының орынбасары:

Үстеріне киген киімдерін, қолдарына ұстаған ұялы телефондарын бір жерге жасырған. Ол жер табылып, заттары алынды. Қолданған қаруын жасырған жердегі заттар төтенше жағдайлар қызметкерлерінің көмегімен олардың барлығы алынып, сараптамаға жолданды қазір.

Еркін ҚАРИН