Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2014
  • 781

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады. Төраға Мемлекет басшысына Мәжілістің жұмысы туралы баяндады.

Президентті палатаның заңнамалық қызметі жөнінде хабардар етті. Сондай-ақ, Жолдауды түсіндіре шыққан депутаттардың өңірлерге жасаған сапарының қорытындысы жайлы айтты.

Белгілі болғандай, халықпен жалпы саны 1300-ден астам кездесу өткен. Оған 140 мыңдай адам қатысқан. Сонымен қатар, Нұрлан Нығматуллин V шақырылымдағы депутаттардың атсалысуымен 255 заң жобасы қабылданғанын атап өтті. Сенатқа 183 заң жобасы жолданып, оның 173-і заңға айналған. Бүгінде Мәжілістің заңнама қоржынында 60 заң жобасы қаралуда.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі:

Бүгін Елбасымызға Парламент Мәжілісінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы, соның ішінде биылғы Жолдауды заң жағынан қолдау бойынша баяндалды. Әсіресе, біздің депутаттарымыз аймақтарда өткізген кездесулерге еркше назар аударды. Нұрсұлтан Әбішұлы барлық мәселелер бойынша тиісті міндеттер қойып, нақты тапсырмалар берді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ