Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстік Қазақстанда ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіш қоқыс алаңына айналған

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2014
  • 1471

Оңтүстік Қазақстанда Ұлы отан соғысы ардагерлеріне орнатылған ескерткіш қараусыз қалды. Сайрам ауылында батырларымызға тағзым етер орын қоқыс алаңына айналғандай.

Алып ескерткіш маңындағы күл-қоқысты айтпағанда, төрт түлік малдың сүйек-саяғы толып жатыр. Мұндай қаңқаларды бұл жерге қаңғыбас иттер әкеліп тастайтын көрінеді. Жақын жерде асхана орналасқан. Бұл аз десеңіз, тас мүсін тұрған маңдағы тұрғындардың өзі тазалықты сақтамайтыны көрініп тұр. Айналасындағы қоршауды елеп жатқан ешкім жоқ. Орталық базар да осында. Сауда жасаушылардың қарасы көп. Алайда Отан үшін от кешкен батырлардың есімі қашалған ескерткіштің қараусыз қалғанына назар салып жатқандар аз.

Ешкім құлақ салмайды бұған, келмейді де, көріп тұр. Кеше келіп комиссия көріп кетті. Не істеймін? Біз айтқанымен, бізге құлақ салмайды.

Әкімшіліктен көріп кетті ме?

Кеше келіп көріп кетті.

Ауылдық әкімдік ғимараты таяқ тастам жерде. Ішкі істер бөлімі де алыс емес. Өкініштісі, сол ескерткіштің қарсы алдына дүңгіршек орнатуға рұқсат бергенімен, оның тазалығын сақтауды ұмыт қалдырыпты. Айтпақшы, Сайрам ауылы жуырда Шымкент қаласының қарамағына өтті. Сол себепті тазалықты сақтауға қаражатымыз жоқ, деп түсіндіреді жауапты азаматтар.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ