Болашақта мектеп оқушыларына өз құқығы
мен демократиялық басқару жөнінде барлық мәліметті алатын қосымша сабақ
енгізіледі.
Бүгін Астана қаласы №60
мектеп-лицейінде баланы өзге адамның құқығын сыйлауға, азаматтық-құқықтық
белсенділікті қалыптастыруға бағытталған семинар өтті. Аталмыш шараны Еуроодақ бастамасымен арнайы келген
мамандар жүргізді.
Сәуле Әзімханова, Астана қаласы №30
мектеп-гимназияның директоры:
Қазіргі жастан бастап қоғамдық белсенділікке, толерантылыққа үйретсек
ертең мемлекетімізге өте жақсы қайраткерді аламыз. Қалыптасу мектептің қабырғасында жүру керек. Сондықтан, қазіргі таңда тек эксперимент ретінде
жүргізіліп жатса, бұл негізі, бір пән ретінде кіргізуге болады.