Русский Сайттың толық нұсқасы

ЭКСКЛЮЗИВ: Украинадағы биліктің ауысуы Қазақстанмен қарым-қатынасқа кері әсер етпейді

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2014
  • 1071

Украинадағы биліктің ауысуы Қазақстан мен бұл елдің арасындағы қарым-қатынасқа кері әсер етпейді. Дағдарысқа қарамастан ресми Киев бүгінге дейін бірде бір экономикалық келісімді бұзған жоқ. Бұл туралы біздің арнаға берген сұхбатында Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрағасы Қазақстан жағының да өз міндеттерін толық орындайтынын айтты. Қос ел арасындағы тығыз байланыс тараптарға бірдей тиімді, және оған уақытша оқиғалардың әсері болмайды деді. 


Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:


Менің ойымша, Украинамен арадағы келісімдер екі жаққа да пайдалы. Қандай бір жағдайлардың оған кері әсері болмайды. Келісімшарттар ұзақ мерзімді қамтиды.


Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ