Тәртіпсіздік Қырымды да шарпыды.
Симферопольдағы Жоғарғы кеңес ғимаратының жанында екі митинг өтті. Бірі, жаңа
украин билігіне қарсы шықса, қырым татарлары Киевтегі өзгерісті қолдауда. Жалпы, Парламент алдына 10 мыңға жуық адам жиналған.
Екі топ арасындағы төбелес алғашында жай наразылықпен басталғанымен,
соңы қарулы қақтығысқа ұласты. Ресей, украин жалауын қолға ұстаған митингшілер
ішінен 10-ға жуық адам жарақат алды. Кейін зардап шеккендер ауруханаға
жеткізілді. Ал Қырым Парламентінің алдында қаза тапқан адамның мәйіті табылған.
Дәрігерлер мерт болған тұрғынның жүрегі ұстап қалғанын айтты. Кейін Қырым
жұртының алдына шыққан Виталий Кличко елді сабырға шақырды. Тұрғындарға
саясаттың құрбаны болмаңдар деп үндеді.
Виталий Кличко, «Удар» фракциясының
жетекшісі:
Бұл - арандатушылық, азғындардың жетегінде кетпеңіздер! Осындай қақтығыстар арқылы автономия ішінде бүлік салғысы
келетіндер бар. Бұл - ел тұтастығы мен Украина бірлігіне аса қауіпті.
Әлия ӘШІМ