Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев: Кәсіпкерлікті дамыту үшін түбегейлі өзгерістер жасалуы тиіс

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2014
  • 1291

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерлікті дамыту үшін түбегейлі өзгерістер жасалуы тиіс деп мәлімдеді. Осыған орай Елбасы тиісті Жарлыққа қол қойды. 2 сәуірден бастап келесі жылға дейін шағын және орта бизнес нысандарын тексеру уақытша тоқтатылады. Ұлттық кәсіпкерлер палатасына бизнесті тексеру бойынша барлық ақпарат қолжетімді болмақ.

Мемлекет басшысы Бас прокуратураға ақпарат ашықтығын ұстануды тапсырды. Үкімет мақсатты пайдалануға арналған жер телімдерін бөлу процесін 50 пайызға қысқартуы тиіс. Келесі жылдан бастап жер телімін рәсімдеу бас-аяғы 30 күнде іске асады. Сондай-ақ Қазақстанда жуық арада жаңа бизнес- омбудсмен институты ашылады. Мақсаты - кәсіпкерлердің құқығын қорғау. 


Сымбат МОЛДАТАЙ