Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде әлемнің әр түкпірінен әкелінген қол орамалдар көрмесі ашылды

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2014
  • 2475

Өскеменде ерекше көрме ашылды. Әлемнің әр түкпірінен әкелінген қол орамалдар көптің назарына ұсынылды. Өмірін кестелі орамал жинауға арнаған қолөнер шебері көрмеге 250-ден астам орамал шығарды. Анна Сурнинаның кестелі орамал жинауға деген құмарлығы осыдан 45 жыл бұрын - ұлы балабақшаға барғанда басталған екен. Бүгінде ол бала қырық жетіге келген. Анна сол кезден бері әлемнің жиырма екі мемлекетінен екі жүз елуден астам орамал жиған.

Шебердің айтуынша, әрбір орамалдың өз тарихы бар. Сондай-ақ, ол елдердің орамал тігу өнері де әртүрлі. Қазақ халқы орамалға негізінен ою-өрнек бейнелейтін болса, жануарлардың бейнесін салатындар да бар көрінеді.


Анна Сурнина, шебер:


Балам балабақшада болғанда үнемі оған орамал алып беретінмін. Содан үйде қолорамал көп жиылып қалды. Кейіннен оларды көптеп жиюға деген қызығушылығым туды. Енді мұражайға сыйға тартып отырмын. Көрмеден кейін осында қалады. Қалаған адам келіп көрсін.


Қанат ОРАЛБЕК