Русский Сайттың толық нұсқасы

Құрлықтық хоккей лигасында Мәскеудің «Атлант» клубынан елордалық «Барыс» 5:1 есебімен ұтылды

  • AstanaTV
  • 28 ақпан 2014
  • 1307

Олимпиада аяқталысымен Құрлықтық хоккей лигасының ойындары жанданды. Бұл сында Мәскеу облысының «Атлант» клубына қонаққа барған елордалық «Барыс» командасы 5:1 есебімен ұтылды. Алайда сәтсіздігіне қарамастан, қазақстандық ұжым «Шығыс» конференциясында екінші орында қалды. Өзге де спорт жаңалықтары Самат Қанағатовтың топтамасында.



Дубай қаласында өтіп жатқан халықаралық жарыстың өткен жылғы жеңімпазы Новак Джокович ширек финалға жолдама алды. Екінші кезеңде Испания спортшысы Роберто Баутиста Агутпен кортқа шыққан әлемнің екінші ракеткасы екі сетте жеңіске жетті. Кездесу басынан ойын тізгінін қолына алып, бірқалыпты өнер көрсеткен Джокович бірінші сетте 6:1 есебімен басым түсті. Үзілістен кейін де алған бетінен қайтпаған әлемнің екінші ракеткасы ұпай санын түгендеді. Өз кезегінде жиі қателесіп, қарсыласының қарқынына төтеп бере алмаған Пиреней түбегінің өкілі аяғы жеңілісін мойындады.

Келесі ойында Роджер Федерер Чехия спортшысы Радек Штепанекпен ракетка түйістірді. Бірінші кезеңде бірқалыпты өнер көрсетіп, қателікке бой алдырмаған швейцариялық 6:2 есебімен алға шықты. Ойын басындағы сәтсіздігіне қарамастан, үзілістен кейін тез жиналған Чехия теннисшісі аянып қалмады. Сәт сайын қарсыласының алаңда ширақ қимылдауына мүмкіндік бермеген Штепанек тай-брейкте үздік шықты. Дегенмен, жауапты сәтте табандылығымен танылған Роджер Федерер үшінші сетте қарсыласын бас көтертпеді. Өз кезегінде жиі қателесіп, амалы таусылған Радек Штепанек ширек финал жолдамасынан құр қалды.

Самат ҚАНАҒАТОВ