Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент кәсіпкерлікті дамыту жөнінде түбегейлі шаралар туралы жарлыққа қол қойды

  • AstanaTV
  • 28 ақпан 2014
  • 1383

Президент шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялады. Сондай-ақ, Елбасы кәсіпкерлікті дамыту жөнінде түбегейлі шаралар туралы жарлыққа қол қойды.

Оған сәйкес екінші сәуірден бастап 2015 жылдың бірінші қаңтарына дейін тіпті жоспарлы тексерістерге де тиым салынды. Бұл шара бизнестің жандануына сеп болады деген үмітпен қолға алынып отыр.

Мемлекет басшысы, осы жүйеге сәйкес, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап шын мәнінде тек заңнаманы бұзу ықтималдығы жоғары кәсіпкерлерге ғана тексеріс жүргізіледі. Егер кәсіпкер заңның барлық талабын орындайтын болса, тексеруші органдар оған мүлде бармауға тиіс екенін қадап айтты. Нәтижесінде, кәсіпкерлерге қойылатын талаптардың жалпы саны 30%-ға қысқармақ.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА