Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысы орталығының түбінде орналасқан ауыл тұрғындары қоғамдық көлікке қол жеткізе алмай жүр

  • AstanaTV
  • 28 ақпан 2014
  • 1524

Автобуссыз көше. Жамбыл облыс орталығы түбінде орналасқан Пригородный ауылында бір көшенің тұрғындары қоғамдық көлікке қол жеткізе алмай жүр. Олар «жалғыз автобус келетін көрші көшенің аялдамасына дейін 2 шақырым жаяу жетуге мәжбүрміз» деп наразы. Қала сыртындағы көшелері жарықтанбаған ауылға кейде жыртқыштар да келгіштейтін көрінеді. Тұрғындар мектепке автобуспен қатынайтын балалары үшін алаңдайды. Данияр Әлімқұл толықтырады.

Тараз қаласының түбінде отырған ауыл 10 жылдан бері бірде-бір қоғамдық көлік қарастырылмағанына қапалы. Өре түрегелген тұрғындар өркениеттен қалыс қалдық, дейді. Автобустың арманға айналғаны былай тұрсын, көшелерінде жарық шамдары да жоқ.

Біз баламызды бұдан былай мектепке жібермейміз. Оқытпаймыз. Мына 21 ғасырда көзіміз ашық кезде, бәріміз қараңғыда өмір сүіріп жатырмыз.

Бізге ауылға қасқыр келген жағдай болды. Өйткені, бізде жарық жоқ. Балалар кеш қайтады, қорқамыз.

Жыртқыштардан жазым боламыз ба деп қорыққан тұрғындар автобусты айтып жергілікті биліктің табалдырығын тоздырған. 50 шақты шаңырағы бар көше тұрғындары автобус сұрап облыс әкіміне де барыпты.

Оразкүл Исабекова, Пригородный
ауылының тұрғыны:

Осы жерден жаяу босанатын келінімізді жетектеп анау емханаға апарамыз. Мысалы, мына жақта Оторвановка деген ауыл бар. Автобус жүреді соған 16-шы. Қарасаңыз, бір-ақ адам кетіп барады. Ал, сонда мына тұрған біздің мына 2 км 800 метрге бір автобус бөліп беруге шамасы келмейді ме облыс әкімінің?

Әтен Ибрагимов, Ұ
ОС ардагері:

Жұма намазға бара алмаймын. Я болмаса
, ауырып қалсам, дәрігерге бара алмаймын. 2 км жүріп барып, автобусқа мінеміз.

Тілші:

Мектепке баратын оқушыларыңыз ше?

Әтен Ибрагимов, Ұ
ОС ардагері:

Мектепке баратындар да 2 км жүреді анау орталықта. Көше қараңғы, мына көріп отырсыңдар ғой, бір жерде бір жарық жоқ.

Ауылдан облыс орталығы - Таразға автобус қатынамайды. Бірақ, нөмірі 16-автобус аялдамасы ұзақ, дейді жергілікті жұрт. Әкімдік қуыстағы көшеге бола, қоғамдық көлік қарастыруды қиынсынғандай. Тасылмалдаушы компаниялар да бір көше үшін бағыт өзгертуге келіспеген.

Самат Қабылдеков, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары:

Жамбыл ауданы әкімшілігінен бірнеше рет хат жіберілген қала әкімдігінің тасымалдаушы компанияларына. Және бұл проблема қазіргі уақытта толығымен шешілді. Біз тасымалдаушы компаниямен келіссөз жүргізіп, ертеңнен бастап 2 рейс, азанда және кеште жүретін болады.

Осылайша, көше тұрғындарының арызын арқалаған ақпарат құралдарына Жамбыл ауданы әкімдігі уәде берді. Ал, тұрғындар жағымды жаңалықты бізден естіп, ертеңгі күнге үміт артты.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ