Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда тігінші мен аспаздарға сұраныс жоғары

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2014
  • 1408

Оралда екі қолға бір күрек іздегендерге арналып, ауқымды жәрмеңке өтті. 100-ден астам жұмыс беруші 756 түрлі қызмет ұсынды.

Қазір облыстағы өндірістік кәсіпорындар мен құрылыс компанияларының қала берді кадр агенттіктерінің мамандарға мұқтаж екенін аңғаруға болады. Сонымен қатар, дәрігерлер, көлік жүргізушілері, тігінші, аспаздарға да сұраныс жоғары.

Айта кетелік, бұл жолғы жәрмеңкеге түрлі топтағы мүгедектер мен сотталған азаматтар да қатысуда. Осындай бастама көтерген «Нұр Отан» партиясының ұсынысын қабыл алған қала әкімдігі келер жолы өткізілер жәрмеңке ауқымын кеңейтпек ниетте.

Айгүл Төкешева, Орал қалалық Еңбекпен қамту орталығының басшысы:

Бүгінгі таңда мүгедектерге жұмыс табу өте қиын, сонымен қатар, түрмеден босап келген адамдарға да. Осы жәрмеңке осы мүгедектерге және түрмеден босатылған адамдарға арналған. Осы кеңейтілген ярмаркада өздеріне жұмыс табады деп сеніммен қарап отырмыз.

Ардақ Беркетова, жұмыс іздеуші, III топтағы мүгедек:

ІІ топта 6 жыл бойы отырдым. ІІІ топқа түскесін Еңбекпен қамту орталығына барып едім, ол кісілердің кеңесі бойынша осында келдім. Мамандығым бойынша - медик, сол мамандығым бойынша жұмыс іздедім. Қазір енді фельдшер болып, жұмысқа орналасам деген үміттемін.

Илхам ИБРАГИМ