Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда наурыз айы жылы болады

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2014
  • 1306

Қазақстанда наурыз жылы, әрі жауын-шашынды болады. Ал нағыз көктем елге наурыздың ортасында келеді. Синоптиктер ақпаратына сәйкес, ай басындағы күн тұрақсыздығына - суық антициклон мен оңтүстік каспий жақтан соғатын жылы ауа массалары себеп.

Сонымен қатар, наурыздың 4-5 күндері мен ай соңында күн суытады. Күн райы теріскейде -15 градусқа дейін төмендесе, батыс пен оңтүстіктегі ауа температурасы 0 градустан жоғары болмақ.

Ал бүгін Қазақстан аумағында қалың тұман түседі. Жамбыл облысында кей жерлерде тұманмен қоса, бұрғасын жел соғады. Жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді.

Әлия ӘШІМ