Русский Сайттың толық нұсқасы

"Нұр Отан" партиясына 15 жыл

  • AstanaTV
  • 28 ақпан 2014
  • 1141

"Нұр Отан" партиясына 15 жыл. Мерекелік датаға орай партияның Астана қалалық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапар Ахметов арнайы кездесу өткізді. Оған партияның белсенді өкілдері мен ардагерлер қатысты.

Салтанатты жиын барысында "Нұр Отан" партиясы қатарына жаңадан қосылған  жеті азаматқа партиялық билеттер тапсырылды. Сондай-ақ, партияның түрлі саладағы еңбек белсенділеріне, ардагер өкілдеріне төс белгілер тағылды. Оларға алғыс хаттар да табыс етілді.

Еске сала кетейік "Нұр Отан" партиясы алғаш рет 1999 жылдың 1 наурызында құрылған болатын. 


Венера Жексембекова, ҚР орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы:


Бүгінгі алған марапатым бұл осы біздің мектеп. Осы "нұротандықтардың" еңбегі. Мен осы партияда құрылған күнінен бастап, 22 жыл бойы жолдауда жазылған мәліметтердің бәрін жер-жерлерге барып түсіндіріп, осы іске араласып жүрмін. Сондықтан бұл орталық аппараттың маған берген үлкен бағасы деп ойлаймын. Үлкен баға, үлкен мәртебе, үлкен дәреже деп айтқым келеді.


Жұрағат БАМАН