Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда қант диабеті сырқатына шалдыққан 240 мыңдай адам бар

  • AstanaTV
  • 28 ақпан 2014
  • 1859

Қазақстан -  қант диабеті сырқатына шалдыққан балаларға тегін ем-дом көрсетуді алғашқы болып қолға алған мемлекеттің бірі. Биылдан бастап 18 жасқа дейінгі науқастарға "инсулиндік помп терапиясы" ақысыз көрсетіледі. Бұл туралы  Диабет қауымдастығының президенті мәлімдеді.

«Ұлт саулығы» бағыты бойынша өткізілген жиынға Мәжіліс депутаты Надежда Петухова басшылық етті. Жиналғандар қант диабетімен күресу жолдарын талқылады. Қазақстанда мұндай сырқатқа шалдыққан 240 мыңдай адам бар. Ал «инсулиндік помп терапиясы» - әлемдегі ең жетілген емдеу түрі.

Жер бетінде әрбір 6 секунд сайын бір адам осы дерттің кесірінен қаза табады. Ал сырқатпен күреске әлем бойынша 550 миллиардқа жуық қаржы жұмсалады. Алғаш рет «Нұр Отан» партиясының бастамасымен өткен жиында диабет қауымдастығының президенті қаржы бөлудегі күрделі мәселелерді атады. 


Ләйла Жұбандықова, ҚР диабеттік қауымдастық президенті:


Алдағы екі жылда инсулиннің кейбір түрі болмай қалайын деп тұр. Қазір науқастар бұл мәселеге қатты алаңдаулы. Адам ағзасына арналған инсулиннің басқа түрі тапшылықты жояды. Дегенмен, кей науқастар  инсулинді алмастыру процесіне шыдай алмауы әбден мүмкін. Сондықтан 2-3 пайыз науқастың өмірі қауіпті күйде қалып отыр. 


Сымбат МОЛДАТАЙ