Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда даулы болған көп қабатты үй жылуға қосылатын болды

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2014
  • 1194

147 мың теңге қарыз үшін жылудан қағылған 9 қабатты үйге қайтадан жылу берілді.{Әкімдік пен монополистердің арасындағы текетірестен, жаңа көп қабатты үй мұз құрсауында қалған еді. Бүгінде қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп, үйге толықтай жылу берілген. Бастапқыда билік шығын көлемін 50 млн теңге деп мәлімдеді. Бұл - жалпы жылыту жүйесінің құны болып табылады.

Алайда есептеу барысында кеткен сома миллионнан аспады. "Себеп - жылу беру жүйесінің айтарлықтай зақымданбағаны", - дейді құрылыс бөлімінің басшысы. Жөндеу жұмыстарын мердігер компания өз есебінен жасады. Дегенмен, қыс мезгілінде бүтін бір үйді жылудан ағытқан «Павлодарэнергосбыт» мекемесі жауап беретін болады.

Ертарғын Шахман, Павлодар қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

Мемлекеттік қызмет кінәлі, бізде
одан басқа түк жоқ. Олар шетінде қалмау үшін, заң шығару керек. Әкім, жергілікті әкімдер оларды қоюын, бізді қалай қояды, сол сияқты қойып, алып тастауды міндеттеп жазу керек.

Ақпанның ортасында «Қол жетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған 72 пәтерлі үй жылудан ажыратылды. Проблема – қордаланған қарызға әкеліп тірелген. Әкімдік монополистке 147 мың теңге берешек болған. Алайда келісімді дер кезінде орындамағандықтан көлемі аспандап, 1 миллион 70 мың теңгеге жеткен. Бірнеше рет ескерткен жылу желілері ақырында жылуды тоқтатуға мәжбүр болған. Бүтін бір үйдің қатып қалғанын білген билік бірден іске кірісті.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ