Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Украинадағы ахуал жөнінде Халықаралық консультативтік кеңес мүшелерімен пікір алмасты

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2014
  • 1170

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Украинадағы ахуал жөнінде Халықаралық консультативтік кеңес мүшелерімен пікір алмасты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Кездесуге Австрия Республикасының экс-федералды канцлері Альфред Гузенбауэр, Польшаның экс-президенті Александр Квасьневский, Еурокомиссияның экс-төрағасы әрі Италия премьер-министрі Романо Проди қатысты.

Әңгімелесу барысында сондай-ақ Қазақстанның экономикалық әлеуетін одан әрі іске асырудың негізгі бағыты талқыланды. Біздегі халықаралық бастамаларды жүзеге асыру барысы мен «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге дайындық жайы сөз болды. Мемлекет басшысы Қазақстан үшін қызығушылық тудыратын халықаралық аренадағы өзекті мәселелерді Кеңес мүшелерімен тұрақты талқылау маңызды екенін атап өтті.


Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА