Русский Сайттың толық нұсқасы

Финляндия парламентінің спикері Қазақстанға Парламент Мәжілісінің арнайы шақыруымен алғаш рет келді

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2014
  • 1045

Финляндия парламентінің спикері Қазақстанға Парламент Мәжілісінің арнайы шақыруымен алғаш рет келіп отыр. Финдік әріптесін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қабылдап, екі ел арасындағы ынтымақтастықты күшейту жайын талқылады. Өз кезегінде мәртебелі мейман Қазақстанның аймақтағы және әлемдік аренадағы рөлін жоғары бағалады. Біздегі тұрақты дамудың дүние жүзі мемлекеттері үшін үлгі екенін айтты.

Ал қазақстандық парламентшілер финдік әріптестерінің инновациялық дамуды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіне маңыз береді. Білім жүйесін жетілдіру тәжірибесі де қызығушылық тудырған. Спикерлер парламентаралық іс-қимылды одан әрі нығайтуға фракциялар мен комитеттер деңгейіндегі байланысты кеңейту оң ықпал ететінін жеткізді.


Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА