Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ тарапы Қазақстанның ДСҰ кіру мәселесі бойынша келіссөздерге Ресейлік мамандарды қатыстырмауды талап етті

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2014
  • 1127

АҚШ тарапы Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі бойынша келіссөздерге Ресейлік мамандарды қатыстырмауды талап етті. Айта кетейік, бұл төңіректегі келіссөздер наурыздың үші мен алтысы аралығында Вашингтонда өтуі тиіс болатын.

Белгілі болғандай, АҚШ елшілігінің өкілдері басқосуға аттанар алдында Россельхознадзор жетекшісінің орынбасары Николай Власовқа электронды пошта және телефон арқылы ресейлік мамандардың келіссөздерге қатысуына қарсы екендіктерін білдірген көрінеді. Алайда бұл уақытта келіссөзге қатысатын қазақстандық топ Вашингтонға ұшып кеткен.  


Жұрағат БАМАН