Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайдың талапқа сай келмейтін базарлары жабылып жатыр

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2014
  • 1151

Өрт қауіпсіздігін сақтамаған Қостанайдағы бірнеше базардың жұмысы уақытша тоқтатылды.

Адам көп шоғырланатын сауда орындарында өртке қарсы талаптардың сақталмауы арнайы жүргізілген тексеріс нәтижесінде анықталып отыр. Прокуратура өкілдері мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қаладағы төрт базарда осындай олқылықты әшкерелеген.

Ал мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен осы сауда орындарының жұмысы уақытша тоқтатылды. Қала прокуроры базар өкілдері мен шаһар басшыларын шақырып өзекті мәселені тез арада шешу жолдарын қарастырды. Егер қауіпсіздік талаптары қалпына келтіріліп, келеңсіздіктер жойылса, базар жұмысы қайта жанданады. Ал талап орындалмаған жағдайда саудагерлер басқа жаққа ауысуы мүмкін.

Әділхан Ерекешев, Қостанай қаласының прокуроры:

Бұл базарларды ешкім жапқалы жатқан жоқ. Бұрынғыдай жұмыс жасай береді. Тек өрт қауіпсіздігі талапқа сай болуы тиіс. Әйтпесе, мұндай олқылықтың салдарынан әртүрлі оқыс оқиғаның орын алуы әбден мүмкін.

Заңғар САНАЙ