Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтаулық полицейлер тән саудасымен айналысушаларды құрықтауға кірісті

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2014
  • 1450

Ақтаулық полицейлер тән саудасымен айналысушаларды құрықтауға кірісті. Өңірде 4 күннің ішінде 40 тан астам түнгі көбелек қолға түскен.

Арнайы жарияланған рейдтік тексеру барысында қызыл жағалылар көңіл көтеретін орындар, тіпті моншаларды да аралап шықты. Нәтижесінде ұсталған жезөкшелердің сөмкелерінен шприцтер де табылған. Сорақысы - олар бұл жолға басқа қыздарды да тартып жатқаны. Өйткені, жезөкшелікке салынғандардың жанынан бала-шағалы әйелдер мен бойжеткендер де табылған.

Полицейлер, бұл жағдай адам саудасына жол ашып беруі мүмкін, дейді. Рейдтің мақсаты да - қарапайым қыздардың саудаға түсіп кетпеуін қадағалау. Өйткені, пысықай жеңгетайлар өрімдей қыздарды секс-құлдыққа итермелеу жағдайлары жиілеген.

Әлия Шермағамбетова, Маңғыстау облыстық ІІД бөлім бастығы:

Тексеру барысында 3 бірдей жеңгетайлық дерегі тіркелді. Бойжеткен саудасымен айналысқандардың үстінен ҚК-тің 271-бабы бойынша іс қозғалды. Сондай-ақ, 44 жезөкше ұсталды.

Илхам ИБРАГИМ