Русский Сайттың толық нұсқасы

Азат Перуашев мораторий мерзімінің ұзарғанын қалайды

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2014
  • 1059

Азат Перуашев шағын және орта бизнесті тексеру бойынша жарияланған мораторий мерзімінің ұзарғанын қалайды. Үкімет кәсіпкерлікке қатысты заң жобасын қайта қарап шығуға үлгермесе, «Ақжол» партиясының жетекшісі мораторий мерзімін созуды сұрамақ. Сонымен қатар, Азат Перуашев үкімет бизнестің дәмін татқан адамдардан құрылуы керек деп есептейді.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақжол» фракциясының жетекшісі:

Мораторий біздегі бизнестің әлі де әлсіз екенін көрсетеді. Тыйым белгілі мерзімге бекітілді, осы уақытта үкімет заң жобасын қайта қарап, бизнестегі бюрократияның алдын алу керек. Болмаса, мораторий мерзімін ұзартуды сұрауға тура келеді. Көп елде үкімет мүшелері кәсіпкер, иә, бизнестің дәмін татқан адамдардан тұрады. Біз
де сол жүйеге ыңғайлануымыз керек.

Әлия ӘШІМ