Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысы өтті

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2014
  • 1459

Бүгін Астанада Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысы өтті. Оған Қазақстан, Ресей және Белорусия өкілдері қатысты. Жабық режимде өткен кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақ келісімінің жобасын жасау мәселесі талқыланды. Сондай- ақ Кеден Одағы мен Еуразиялық экономикалық кеңістіктің құқықтық базасын кеңейту, ықпалдастықты дамыту көзделген.

Экономикалық комиссия баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жиында "жол картасы" жобасы қарастырылды. Яғни тараптар Армения республикасының Кеден Одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік құрамына енуін талқылаған. Бұдан бөлек одаққа мүше елдердің қаржы нарығы және ақпарат алмасуы төңірегіндегі мәселелер де сөз болды.

Тараптарды мазалаған сауал көп, соның қатарында өзара сауда қатынастары мен ауыл шаруашылығына бөлінетін субсидия мәселесі талқыланды. Алыс бағытқа қатынайтын автобустарға салынатын кедендік салықтарды көтеру туралы да аталып өтті. 


Сымбат МОЛДАТАЙ