Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда трамвай өртеніп, бірнеше адам зардап шекті

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2014
  • 960

Павлодардың қақ ортасында трамвай отқа оранды. Салдарынан қоғамдық көліктің жүргізушісі күйіп қалған. Тағы бір адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Оқиға таңғы сағат 9-ға таяу облыс орталығы көшелерінің бірінің бойында орын алды. Күнделікті жұмыс кестесімен рейсте болған жүргізуші кабинасында өрттің аяқ астынан шыққанын айтады.

Төтенше жағдайлар қызметінің ақпарынша, 1,5 шаршы метр аумақ жанып кетті. Трамвай жүргізушісі 1-ші және 2-ші дәрежелі күйікпен ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, оқиға орнында денсаулығы сыр берген жолаушы әйел адамға да медициналық көмек көрсетілген. Енді оқиғаның мән-жайын анықтау үшін техникалық тексеріс жүргізілмек.

Бердалы Аралбаев, Павлодар қ. №2 өрт бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

Болжам бойынша, трамвай кабинасы сымдар тұйықталып, өрт орын алды. Зардап шеккендер екі адам. Бірі - дене күйіктерімен ауруханаға жеткізілді.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ