Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстік өңірлерге Сырдариядан қауіп төне бастады

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2014
  • 1364

Оңтүстік Қазақстан облысының бірнеше елді мекендеріне тасқын судан қауіп төніп тұр. Бұл туралы облыстық ТЖД-нің мамандары хабарлады.

Айтуларынша, күн бірден жылынса немесе жаңбыр жауса, шамадан көп жауған қар мен көк мұз еріп ауылдарды су басуы мүмкін. Қазір мамандар Сырдария өзені мен Көксарай су реттегішін қатаң бақылауға алды. Отырар ауданына қарасты Маяқұм ауылы маңында өзеннің бетін қалың мұз басқан. Бұл тасқын қаупін күшейтуде. Мұндағы дамбалар тым ескі, қираудың шақ алдында, дейді мамандар. Сондықтан, өзен арнасы құм толтырылған қаптармен бекітілуде. Қазірдің өзінде 8 мың тоннаға жуық құм жеткізілген.

Айта өтейік, бұған дейін осы маңда су тасып, бір үйір жылқы арам қатқан болатын. Ал 70-ке тарты ауылды тасқын судан сақтап қалады деп салынған су реттегішке қазірдің өзінде 2 млрд текше метр су жиналған. Ал сыйымдылық 3 млдр текше метрді құрайды.

Илхам ИБРАГИМ