Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс Қазақстан облысына тасқыннан қауіп төніп тұр

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2014
  • 1144

Батыс Қазақстан облысына тасқыннан қауіп төне бастады. Бөрлі ауданына қарасты Облавка елді мекенін су басып қалауы мүмкін. Арнасынан жиі асатын Жайық өзені тағы да қауіп төнідіріп отыр.

Мұндай жағдай 2007 жылдан бері жиі қайталанады. Осы уақыт аралығында жағаны шайған өзеннің кесірінен орман да азайып барады. Бұл аздай көршілес Ресей мемлекетімен байланыстыратын республикалық маңызға ие тас жолды да су шайып кетуі мүмкін, деп қауіптенуде мамандар. Әрі бұл жерде біздің заманымызға дейінгі IV-II ғасырлардағы көне археологиялық кешен орналасқан. Сондықтан, су тасқынының алдын алу шаралары қолға алынбаса, тарихты да шайып кетуі мүмкін, дейді мамандар.

Бүгінде өзен жағасын бекіту жұмыстарының техникалық-экономикалық негіздемесі жасалды. Жалпы ұзындығы 2 шақырымнан асатын жағалауды реттеу үшін 1 миллиард 200 миллион теңге керек.

Еркін ҚАРИН