Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейлік әскерилер зымыранын сәтті ұшырды

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2014
  • 1093

Ресейлік әскерилер «Тополь-М» континентаралық-баллистикалық зымыранын сәтті ұшырды. Ұшырылым Астрахан облысындағы «Капустин яр» полигонында ұйымдастырылды. Ракетаның қарулы бөлігі Қазақстандағы «Сары-шаған» полигонындағы нысанға дәл тиді.

Ресейдің қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл ұшырылым тек ракетаның әскери жабдықтарын тексеру мақсатында жүргізілген.

Алайда, кейбір бұқаралық ақпарат құралдары ұшырылымды Мәскеу мен батыс арасындағы Украинаға қатысты тайталаспен байланыстырып отыр.

Жұрағат БАМАН