Русский Сайттың толық нұсқасы

Танымал кәсіпкер Талғат Ақуов алаяқ па, неге қашып жүр?

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2014
  • 1582

Алматыда танымал кәсіпкерге іздеу жарияланды. Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы деген атпен танымал ұйымның жетекшісі Талғат Ақуов 23 млн теңгені жеке басына пайдаланған. Бұл туралы Алматы қалалық сот актілерін орындау департаментінің мамандары мәлімдеді.

Кәсіпкерлер құқығын қорғаумен айналысып жүрген ұйым басшысы Николай Кан деген азаматтан 46 млн теңге қарыз алған. Борышкер бұл қаражаттың жартысын ғана қайтарған. Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының шешіміне сәйкес, өткен жазда ол, қалған қаражатты иесіне беруі керек болған. Бірақ соңғы күндері сот орындаушылары кәсіпкерлер қауымдастығы басшысының орнын сипап қалған. Енді бұл деректі БАҚ арқылы жалпақ жұртқа жария етуге мәжбүр болып отыр. Сот Талғат Ақуовтың банктегі есепшоттарына бұғат қойып, елден шығуға да тиым салған.

Берікбол Сәменов, Алматы қаласы сот актілерін орындау департаменті басшысының орынбасары:

Атқару өндірісі қазір уақытша тоқталып тұр. Тапқанша. Тапқан жағдайда әкімшілік жауапқа тартылады. Егер тағы орындамаса
, полицияға арыз түсіріп, ҚР ҚК 362-бабы бойынша қылмысты іс қозғалады.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ