Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында адам сүйектері жер бетінде шашылып жатыр

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2014
  • 1881

Атырау облысындағы Теңіз кен орны жұмысшылары, адамның шашылған сүйектерін тауып алған. Оны бейнетаспаға түсіріп алыпты.

Археолог мамандардың айтуынша, Теңіз кен орнындағы бұл аумақ құм - «Төбелі қабір» деп аталады. Ал бас сүйектер қазіргі жыл санауымызға дейінгі екі-үш мың жыл бұрыңғы жергілікті тұрғындарға тиесілі деп отыр. Бір кезде құм төбелер карьер үшін пайдаланылған. Адам сүйектері көріне бастаған соң жұмыс тоқтатылған. Ұзындығы 150, биіктігі 6 метр төбелер 2009 жылы қоршауға алыныпты. Бірақ сүйектер кейін көмілмеген. Оған қаржы қолбайлау болды дейді архиолог Мұхамбетқали Кипиев.

Мұхамбетқали Кипиев, Атырау облысы мемлекеттік инспекциясының басшысы:

Бұл жерде тек қана жинау емес, ғылыми тілмен айтқанда, қазба жұмыстары жасалу керек. Бұл қазба жұмыстары бірқатар қаржылық шығындарды талап етеді. Егер аталған кәсіпорын ТШО қаржылай көмектессе, алдағы уақытта ашық көп жатқызбай зерттеуге болады.

Базаргүл ІЗІМОВА