Русский Сайттың толық нұсқасы

Әйелдер мерекесі қарсаңында Қостанайда «Авто-Ару» сайысы өткізілді

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2014
  • 1006

Әйелдер мерекесі қарсаңында Қостанайда ерекше сайыс өткізілді. Жас жүргізушілердің кәсіби біліктілігін арттыруды мақсат еткен байқау «Авто-Ару» деп аталады. Дүбірлі сайысқа түскен 12 қыз-келіншек темір тұлпар тізгіндеуде ерлерге есе жібермейтінін байқатты. Игі шара биыл Қостанайда алтыншы рет ұйымдастырылған. Бикештерге қойылған талап ортақ. Ирек жолды именбей өтіп, көлікті соғып алмай тұраққа кіргізуі тиіс.

Сайыскерлердің басым бөлігі көлік жүргізу құқығына жақында ие болған автомектеп түлектері. Сондықтан бұл жарыс олардың шеберлігін шыңдап, теориялық білімін тереңдетуге септігін тигізді. Жарысқа қатысқан қыздар үшін жеңіске жету мақсат емес. Маңыздысы көлік тізгінін мығым ұстап, жетік меңгергенін байқату.


Ольга Ким, жарысқа қатысушы:


Осы сайыс туралы радиодан естіп, оған қатысуға бел будым. Мен осы жарыста еркектермен қатар нәзік жандылардың да темір тұлпарды тізгіндей алатындығын дәлелдегім келеді.


Юрий Панасенко, Қостанай облыстық ІІД ӘПБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:


Күн санап қала жолдарына көлік тізгіндеуші қыз-келіншектердің қатары көбейіп келеді. Бұл жарыс сол жүргізушілердің шеберлігін арттыру мақсатында жыл сайын ұйымдастырылады.


Заңғар САНАЙ