Мереке күндері ел аумағында ауа-райы бұзылады. "Қазгидромет"
мамандары осындай болжаммен бөлісті. Алдағы сенбі-жексенбіде еліміздің
солтүстік аймақтарында қалың қар түсіп, жел күшейеді. Ізінше ауа температурасы
күрт төмендейді. Ал оңтүстікте жауын-шашын болып, кей жерлерде көк тайғақ
күтіледі. Синоптиктер қардың көбесі сөгілетін нағыз көктем айдың соңында ғана
келеді дейді.
Нұрсәуле Қуандықова, "Қазгидромет" РМК аға синоптигі:
8 наурыз күні батыста антициклон әсерінде болғандықтан, ауа-райы жауын-шашынсыз.
Бірақ суық болады. Ал өзге аймақтарда циклонның әсерінен жауын-шашын күтіледі.
Желдің күшеюі 15-20 метрге дейін күтіледі.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ