Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев Қытай сыртқы істер министрінің орынбасары Чен Гопинмен кездесті

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2014
  • 844

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай сыртқы істер министрінің орынбасары Чен Гопинмен кездесті. Басқосу барысында екі жақты ынтымақтастық мәселелері мен халықаралық өзекті жәйттер талқыланды. Екі ел арасында серіктестіктің дамып келе жатқанын айтқан Президент Қазақстанның аспан асты елімен қарым-қатынасының одан әрі нығаюына мүдделі екенін жасырмады.

Сонымен қатар Шанхайда өтетін Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске дайындық барысы сөз болды. Отырыс соңында Чен Гопин Нұрсұлтан Назарбаевқа Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің сәлемін жеткізді. 


Әлия ӘШІМ