Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодардың қақ ортасында трамвай отқа оранды

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2014
  • 899

Павлодардың қақ ортасында трамвай отқа оранды. Салдарынан қоғамдық көліктің жүргізушісі күйіп қалған. Тағы бір адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді Оқиға таңғы сағат 9-ға таяу облыс орталығы көшелерінің бірінің бойында орын алды. Күнделікті жұмыс кестесімен рейсте болған жүргізуші кабинасында өрттің аяқ-астынан шыққанын айтады.

Төтенше жағдайлар қызметінің ақпарынша, 1,5 шаршы метр аумақ жанып кетті. Трамвай жүргізушісі 1-ші және 2-ші дәрежелі күйікпен ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ оқиға орнында денсаулығы сыр берген жолаушы әйел адамға да медициналық көмек көрсетілген. Енді оқиғаның мән-жайын анықтау үшін техникалық тексеріс жүргізілмек.


Бердалы Аралбаев, Павлодар қ. №2 өрт бөлімі басшысының міндетін атқарушы:


Болжам бойынша, трамвай кабинасы сымдар тұйықталып, өрт орын алды. Зардап шеккендер екі адам. Бірі - дене күйіктерімен ауруханаға жеткізілді.


Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ