Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда мектепке бомба қойылды деп дүрліктірген оқушы анықталды

  • AstanaTV
  • 07 наурыз 2014
  • 966

Қостанайда «мектептердің біріне бомба қойылды» деп елді дүрліктірген оқушы анықталды.

Облыстық ішкі істер департаментінің дерегіне сай, мұндай жалған мәлімдемені таратушы - 14 жастағы қала тұрғыны болып шыққан. Полицейлер мен төтенше жағдайлар қызметінен құралған арнайы топ жарылғыш затты іздеуге жұмылдырылды. Сондай-ақ, қоңырау шалынған соң мектепте болған барлық адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр. Еліміздің заңдарына сай, мұндай әрекетке барған азаматтың кінәсі дәлелденсе, 7 жылға дейін жаза арқалауы мүмкін.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА