Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент түрлі салада жетістікке жеткен әйелдерді мерекемен құттықтады

  • AstanaTV
  • 07 наурыз 2014
  • 1521

Жұмақ - ананың табанының астында! Сол аналардың табаны бүгін Ақордаға тиді. Президент жылдағы дәстүрге сай сан түрлі салада жетістікке жеткен нәзік жандыларды төл мерекемен өзі құттықтады. Олардың қатарында аң патшасы арыстанды бағындырған цирк әртісінен бастап, елімізге чемпион сыйлаған батыр ана да бар.  Саясаттан жырақ, отбасы ошақ қасында жақындарына жан шуағын сыйлап жүрген қарапайым азаматшаларды да осы жерден кездестіресіз. Үстел басына жайғасқан ару-аналар Елбасымен емен-жарқын әңгімелесіп, ерекше құрметке бөленді. 


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


Ағарту, денсаулық сақтау, мәдениет, экономикада, бизнесте еліміздің 52 пайызы әйелдер болғаннан кейін олардың қатынасы өте үлкен. Депутаттардың құрамы, басшылық қызметтің қатарында, мемлекеттік қызметтің жартысынан көбі әйелдер болып саналады. Еліміздегі істеліп жатқан көп мәселенің барлығына атсалысатын сіздер. Сол еңбектеріңіз үшін ризашылығымды қабыл алыңыздар.


Бұл кездесуге нәзік жандылар таң сәріден бастап әзірленген. Макияж, шаш үлгісі шеберлер қолынан шыққаны көрініп тұр. Президенттен бір құшақ гүл мен естелік сыйлық салынған сандықша алып шыққандар қатты қобалжулы. Тіпті бұл кездесуді өмірінің ең бақытты сәтіне балап, кейбірінің көзіне жас үйірілді. 


Мавлюда Абдурашитова, сағат жөндеу шебері:


Бір сағаттық өмір маған бүтін өмірге тең. Сонша жүрегім ашық болып кетіп барам. Маған Алматыға келгенде это розыгрыш деп айтады ма деп қорықтым.


Тунгалаг Бальжинимаевна, арыстан жаттықтырушысы:


Елбасы таң қалды әйел адам арыстандармен жұмыс істейді ме деп. Сұрады арыстандарды кішкентайынан аласыңдар ма деп, қай уақытта аласың деп.


Нұргүл Мұсаева, "Алтын алқа" иегері:


Мейірімді көзіне қарасаң. Күлгені, сөйлегені. Өзіме жақсы адам болып көрінді.


Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ