2015 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтық сала қызметкерлері жаңа еңбекақы жүйесіне көшеді. Бұл туралы арнамызға берген сұхбатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Министр 1 сәуірден бастап үстемеленген еңбекақыны 1 млн 400 мың адам алатынын хабарлады. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 64 млрд теңге бөлінбек.
Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
Ал...ендігі жылдың, 2015 жылдың 1 шілдесінен азаматтық қызметрлердің жаңа
еңбекақы жүйесін енгізгелі отырмыз. Негізгі өзгешеліктер неде? Біз төрт жаңа
функционалдық блок енгізбекшіміз. Біріншісі - басшылық блок, екіншісі - негізгі
жұмысты атқаратын персоналдар блогы, административтік жұмыстарды атқаратын
қызметшілер блогы, ең төменгі блок - техникалық қызметшілер. Бізде қазір 14 ДЖИ
деген бір системалық жүйе ғана бар. Бірақ бұл жүйе де өзінің кемшін тұстарын
көрсете бастады.
Еңбекақы жүйесіндегі жаңалықтар кімдерді қамтиды? Зейнеткерлік
жүйесіндегі қаржы қалай ұқсатылмақ? Қазақстандағы азық-түлік себеті - рацион
қалай өзгеруі мүмкін? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен эксклюзивті
сұхбат толықтай ертең 20.30-да «Біздің уақыт» хабарында көрсетіледі.
С.АБДИЕВ