Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен мәдениет және ақпарат
министрлігі таратылды. Бұдан былай ведомство тек Мәдениет министрлігі болып
аталады. Сондай-ақ, үкімет құрамына кірмейтін жаңа агенттік құрылды. Ол -
Байланыс және ақпарат жөніндегі мемлекеттік агенттік.
Ақорданың баспасөз
қызметі таратқан хабарға сай, Көлік және коммуникациялар министрі болып Жеңіс
Қасымбек тағайындалды. Бұған дейін ол аталған министрліктің жауапты хатшысы
қызметін атқарған.
Сондай-ақ бүгін Мемлекет басшысы «Оңалту және банкроттық
туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң оңалту және банкроттық
рәсімдерін жүргізу кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА