Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент жарлығымен мәдениет және ақпарат министрлігі таратылды

  • AstanaTV
  • 07 наурыз 2014
  • 930

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен мәдениет және ақпарат министрлігі таратылды. Бұдан былай ведомство тек Мәдениет министрлігі болып аталады. Сондай-ақ, үкімет құрамына кірмейтін жаңа агенттік құрылды. Ол - Байланыс және ақпарат жөніндегі мемлекеттік агенттік.

Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарға сай, Көлік және коммуникациялар министрі болып Жеңіс Қасымбек тағайындалды. Бұған дейін ол аталған министрліктің жауапты хатшысы қызметін атқарған.

Сондай-ақ бүгін Мемлекет басшысы «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізу кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.


Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА