Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда шаһарын су басу қаупі төніп тұр

  • AstanaTV
  • 07 наурыз 2014
  • 1199

Қызылорда шаһарын су басу қаупі төніп тұр. Бүгін аймақтағы ахуалмен Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко танысып шықты. Қазір сел Жаңақорған ауданы тұсынан жылжып келеді. Ауа-райын болжаушы мамандардың алдағы күндерге жасаған болжамы да қуантпай тұр.

Ертең аймақта қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде. Облыс бойынша 26 елді мекен қауіпті деп белгіленсе, соның сегізі қала маңында. Төтенше жағдайға 199 техника дайын. Эвакуациялық бекеттер белгіленді. 200 мыңнан астам адамды қабылдауға дайын. Ал шахарды сақтап қалу үшін өзен жағалауын қой тастармен бекіту мәселесі көтерілді.

Мұрат Тілеуімбетов, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары:


Қазір 7 жарым шақырымды осы қойтастармен бекіттік, қалған 58 шақырымға 2 миллиард теңге қажет. Сонда біз оңтүстік жағалаудын 65 шақырымын бекітеміз.


Аймақ басшылары министрден республикалық бюджеттен қажетті қаражаттың бөлінуіне ықпал жасауын өтінді.


Владимир Божко, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:


Қаражат өңірлік даму министрлігінде бар. Сондықтан біз бірге әкімшіліктің көмегімен осы мәселені көтеруіміз керек, олар сол жақта жұмысты бастасын. Жасайтын жұмыс та ауқымды емес, келген суды бұрып жіберу қажет.


Шарипа САҚТАПОВА