Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменнің нәзік жанды арулары сұлулықтың сырын ашты

  • AstanaTV
  • 07 наурыз 2014
  • 1451

Өскеменнің нәзік жанды арулары сұлулықтың сырын ашты. Үнемі әдемі, ажарлы болып жүру үшін мұзды суға сүңгіп шықсаңыз болды. Қар мен мұздан шипа көрген әдемі әжелеріміздің әңімесін тыңдап қайтқан тілшіміз тақырыпты тарқатады. 


Ертіс бойы толған бикештер. Көңілді у-шумен мұзды суға бірсыпырасы еркін сүңгіп кетті. Жаздың өзінде адам аяғын салуға сескенетін Ертіс өзенінде судың салқындығы - сұлулыққа сеп дейді олар. 


Валентина Клименко осы клубқа ем іздеп келген. Ақ халаттылар дертіне шипа таппаған соң мұндағы әйелдер Валентинаны тура морж құсап, салқын суға түсуге үгіттепті. 


Валентина Клименко, Өскемен қаласының тұрғыны:


Қызуым қырыққа дейін көтеріліп, дәрігерлер мұның неден болғанын біле алмай, дал болды. Бір ай бойы жұмысқа шықпай ауырып жатқан соң, өз денсаулығымды қолыма алып, табиғи еммен айналысуды жөн көрдім.


Салауатты өмір салтын сақтаған клуб мүшелері үшін әр жексенбі - мейрам іспетті. Шаңғы теуіп, салқын суға түседі, қар үстінде аунап, моншаға барады. Міне, демалыс күндерін өз сұлулығына арнаған нәзік жандылар әсемдігінің сыры осында. 


Ал Лидия Бицоева биыл 38-ші рет мұзды суға түсіп жүр. Әр қыс сайын қар жастанып, мұзда жүретін мына әйелдің әже атанғанына бірі сенсе, бірі таңдай қағады. 


Лидия Бицоева, Өскемен қаласының тұрғыны:


Кому-то дано танцевать, кому-то - плавать, а кому-то - с Иртышом общаться, и пусть себя попробуют, а вдруг это их.


Экстремал әжелеріміз табиғаттың тылсым күші кез-келген ауруға ем дейді. «Самай шаштарымыз ағарса да, өңіміз қыздай құлпырады» деп сызылған сұлулар «спорт - сұлулық сыры» деп отыр.


Қанат ОРАЛБЕК