Шүберек қуыршақтардың шағын әлемі. Семейлік суретші Ирина Верхградскаяның қиялынан туған дүниелер бүгінде төрткүл дүниеге әйгілі. Бір біріне мүлдем ұқсамайтын ойыншықтар Санкт-Петербург, Германия, Франция мұражайларына қойылып, аты мәшһүр коллецияларда сақталған. 1,5 мың қуыршақтың суретін салып, тігіп шыққан шебердің осы межеде тоқтап қалғысы жоқ. Тарихпен астасқан балалық шақ әлеміне біздің арна тілшілері де сапар шекті.
Суретші-шебер Ирина Верхградскаяның пәтері қиялдағы қуыршақ әлеміндей.
Тек оның иесі ертегідегі ашулы Карабас Барабас емес, мына мейірімді әйелдің
өзі. Ирина Ивановна 15 жыл бұрын бастаған кәсібінің бүгін нәсібін көріп
отырғанын айтып мақтанды. Әпкесі сыйлаған алғашқы қуыршағы шабыттандырыпты.
Содан бері бұл кәсіптен қол үзбеген шебер дүкен сөрелері қаңырап қалған сонау
90- шы жылдары балаларына ойыншық тігіп берген.
Ирина Верхградская, қуыршақ шебері:
Тапсырыс берушілер көбейіп кетті, теңіз пираты, бақташы, дәрігер
қуыршақтарды тіктім. Ал қызым «ханшайымды» тігіп беруді сұрады.
Ісмер әр дәуірдің өз киім киіс ерекшелігін игеруге тырысыпты. Сөйтіп, ол
дана Абай, Шәкәрім, бірінші Петрдің бейнелерін шүберектен тіккен. Тарихи
кейіпкерлермен қоса коллекцияда қазіргі уақыттың танымал жұлдыздары да бар.
Ирина Верхградская, қуыршақ шебері:
Мәселен, Филипп Киркоров, оның өнері мені тәнті еткені сонша, қуыршақ тігіп
тастадым. Менің миниатюрамда әншіге арналған бірнеше қуыршақ бар.
Ал ең қиын тігілгені «Джеки Чан» қуыршағы екен, оның бет-әлпетін айныптай
көрсету үшін шеберге бірнеше рет өзгеріске ұшыратып, қайта тігуге тура келген.
Джейн Эйр ханымды тігу үшін суретші қолына қалам алып, телехикаяны тапжылмай
көріп шығыпты.
Ирина Верхградская, қуыршақ шебері:
Мен бұл қуыршақты көрмеге қойғанымда, оның астына шығарманың авторы Зила
Кларктың есімін жазып қойдым. Ал бір бейтаныс әйел оның Джейн Эйр екенін бірден
таныды. Сөйтіп, «сіздің Зила Кларк деген қуыршағыңыз Джейн Эйрдан айнымайды»
деді.
Ал соңғы тапсырыстардың бірі - мына әженің бейнесі. Ирина Ивановнаға
тапсырыс беруші әжесінің суретін әкеліп, қуыршақ тігіп беруді сұраған...
Сүйікті ісінен шаршамайтын шебер дәл қазір кезекті саясаткерлерге арнаған
қуыршақтар- коллекциясын тігуге кірісіп кетті.
Иногда просто хочется соответствовать времени.
Сымбат Молдатай