Русский Сайттың толық нұсқасы

Н.Назарбаев: Қазақстан Украинадағы дағдарысты реттеуге өз үлесін қосуға дайын

  • AstanaTV
  • 11 наурыз 2014
  • 879

Қазақстан Президенті Украинадағы ахуалды Германия канцлерімен және Ресей президентімен талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Украинадағы дағдарысты реттеуге өз үлесін қосуға дайын екенін мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Германия Федералдық канцлері Ангела Меркельмен кеше телефон арқылы сөйлесті. Екі елдің басшылары Қазақстан-Германия екі жақты қарым-қатынасының жай-күйін талқылады. Сондай-ақ, күннен күнге өршіп тұрған Украинадағы ішкі саяси ахуал жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Президенті украиндық дағдарысты барлық мүдделі тараптар арасындағы диалог жолымен шешуді ұсынды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан қажет болған жағдайда, Украинадағы ахуалды бейбіт жолмен шешу үшін ымыралы шешімдерді әзірлеуге дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ, кеше Елбасы Ресей президенті Владимир Путинмен де телефон арқылы тілдесті. Нәтижесінде Қазақстанның Украинадағы аз ұлттар құқығын, сондай-ақ өзінің қауіпсіздік мүддесін қорғайтын Ресейдің ұстанымына түсіністікпен қарайтыны мәлім болды. Екі диалогта да Қазақстан Президенті «Украинадағы дағдарысты егемендікті сақтау негізінде және халықаралық құқық нормаларына сәйкес бейбіт жолмен реттеу керек» деген өз пікірін айтты.

Сымбат МОЛДАТАЙ