Русский Сайттың толық нұсқасы

Атыраудың нәзік жанды суретшілерінің көрмесі өтті

  • AstanaTV
  • 11 наурыз 2014
  • 1057

Арулар тарту еткен жауһарлар. Атырауда тек нәзік жанды суретшілердің көрмесі өтті. Осымен төртінші жыл қатарынан «Ақ желкен» шығармашылық орталығы көктемнің алғашқы күндері өнер сүйер қауымға осындай тарту жасап келеді.

«Атыраудың сырлы жауһарлары» атты көрмеге отызға жуық суретшінің туындысы қойылды. Сондай-ақ, қол өнер шеберлерінің 150-ден астам еңбегі паш етілді. Ерекшелігі сол - бұл жолы кәсіби мамандармен қатар, көркем сурет өнерін жаңадан үйреніп жүрген жастардың қаламынан туған алғашқы туындыларына да орын берілді. Көрерменді қызықтырғаны - арулардың бояуы қанық та ашық қолтаңбасы. Әр суреттен көктемнің жылы лебі мен сыршыл лириканың желін сезіну қиын болмады.

Нұрберген Дәулетов, Шығармашылық орталықтың директоры:

Көктемгі көрме болғасын, бір жағынан қыздардың көрмесі болғасын бояуы, түсі ашық көрінеді. Биыл Ақтөбе облысынан да суретшілер қатысты. Кескіндеме саласында, графика саласында, қолөнер бағытында жұмыстар қойылды. Тамаша болған сияқты. Көрермендер өте көп. Қызығып, таңданып жатыр.